KASE күндізгі сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы

KASE күндізгі сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 436
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 345,53 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 63 600 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOМ) орташа сараланған бағамы 344,00 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 17 500 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда- саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. 

Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,9006 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 30 200 мың рубль болды.


Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 347,83 теңгені(+5,67) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 177 150 мың USD (-53 100 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +3,1900 тенге (жылдық 333,44 %), сауда-саттық көлемі 559 300 мың USD құрады; USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ. 
Сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Соңғы жаңалықтар