KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 325,95 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 325,95 теңге

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 325,95 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_SPT, EURKZT_SPT, EURUSD_SPT, EURKZT_0_002 және USDKZT_0_002 сауда-саттық құралдарымен АҚШ-та, Ұлыбритания және Германияда 25 желтоқсан (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, сауда-саттық өткізілген жоқ.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 325,95 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі   218 100 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6921 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 52 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 325,88 теңгені (-4,89) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 414 300 мың USD (+70 450 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +2,7100 теңге, сауда-саттық көлемі 660 200 мың USD құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар