Жарияланды: 430

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,

(EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті. USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі. АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,92 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 244 800 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,92/146,93 теңге болды. Еуро спот-нарықта: - Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. - Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. - Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,1831 теңгені, сауда көлемі 15 400 мың рубльді құрады. Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 38 000 мың АҚШ долларын құрады. - USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде 0,00 теңге ұсыныс құны бойынша сұраныс құны +0,02 теңгені құрады. - EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. - EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін