KASE күндізгі сессиясының қорытындысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясының қорытындысы

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

  • 25 Қазан 2012
  • 279
Фото - Caravan.kz

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі, своп нарықта -11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,60 теңгені, сауда көлемі 94 550 мың АҚШ долларын құрады. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі — 1 доллар үшін 150,59/150,61 теңгені құрады.

Еуро спот-нарықта: еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір еуро үшін 196,14 теңгені, сауда көлемі 200 мың еуроны құрады; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,8170 теңгені, сауда көлемі 62 900 рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,03 теңгені, сауда көлемі 51 200 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,04 теңгені, сауда көлемі 119 000 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар