Жарияланды: 370

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі, своп нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен. АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,74 теңге, сауда көлемі 10 900 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,70/150,74 теңгені құрады. Еуро еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде ұсыныс бір еуро үшін 197,96 теңгені құрады, сұраным болған жоқ; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 36 100 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 23 000 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясында 2013 жылдың 4-8 қаңтар аралығында болатын мерекелік күндерге байланысты KASE-де Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD) сауда жүргізілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін