KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,43/145,47 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,43/145,47 теңге

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,43/145,47 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.

  • 8 Маусым 2011
  • 305
Фото - Caravan.kz

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды.

Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта — 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,46 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 149 850 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі — 1 доллар үшін 145,43/146,47 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

— Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

— Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

— Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2625 теңгені, сауда көлемі 4 200 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 31 000 мың АҚШ долларын құрады.

— USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 18 000 мың АҚШ долларын құрады.

— EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

— EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар