KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,26/146,31 теңге, рубль - 5,1925 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,26/146,31 теңге, рубль - 5,1925 теңге

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,26/146,31 теңге, рубль - 5,1925 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD),

  • 28 Маусым 2011
  • 344
Фото - Caravan.kz

еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп-нарықта — 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,30 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 165 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі — 1 доллар үшін 146,26/146,31 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

— Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

— Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

— Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,1925 теңгені, сауда көлемі 5 800 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,00 теңгені, сауда көлемі 47 000 АҚШ долларын құрады.

— USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,00 теңгені, сауда көлемі 63 000 мың АҚШ долларын құрады.

— EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

— EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар