Жарияланды: 350

KASE қор биржасында бүгін долларға шаққандағы теңгенің орташа бағамы

Қазақстан қор биржасының бүгінгі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы сейсенбімен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 150,46 теңгені құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE қор биржасы мәлімдеді.

Сейсенбі күні орташа бағам бір долларға шаққанда 150,35 теңгені құрады. Cәрсенбі күні АҚШ доллары бойынша сауда-саттық мөлшері 112,25 млн $-ды, ал сейсенбі күні 91,3 млн $-ды құрады. Сауда-саттыққа 21 банк қатысты. 12 желтоқсанға арналған ресми бағам 150,35 теңгені құрайды. 13 желтоқсан күнгі бағам бір доллар үшін 150,46 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін