Жарияланды: 320

KASE қор биржасында сейсенбі күні теңгенің орташа бағамы

KASE қор биржасында cейсенбі теңгенің орташа бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,02 теңгеге артып, 1 доллар үшін 150,66 теңгені құрады, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.

Дүйсенбі күні бағам 1 доллар үшін 150,68 теңгені құраған. Cейсенбі күні АҚШ доллары бойынша сауда-саттық мөлшері 280 млн $-ды құрады, дүйсенбі күнгі сауда-саттық мөлшері 106,1 млн $ болатын. Сауда-саттыққа 22 банк қатысты. 30 қазан күні ресми бағам 150,68 теңгені құрайды. 31 қазанда ресми бағам 150,66 теңгені құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін