Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,08 теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 24 500 мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,50 теңгені (+0,11 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 1 000 мың АҚШ долларын (-28 000 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 51,4800 (-0,1300 теңге) теңгені, сауда-саттық көлемі 1 000 мың юаньді (+700 мың юань) құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.