Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 26 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 353,99 теңгені (+0,29 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 113 800 мың АҚШ долларын (+54 900 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 53,3873 теңгені (+0,2673 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі — 1 100 мың (+800 мың) юань болды.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.