KASE таңертеңгілік сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен, есептесуі T+0 теңге (EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 теңге еуро (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды.

  • 12 Қараша 2013
  • 474
Фото - Caravan.kz


Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 153,26 теңгені (+0,06 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 116 000 мың (-12 900 мың USD) АҚШ долларын құрады. 

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. 

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.