KASE таңертеңгілік сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша,

  • 20 Қараша 2015
  • 324
Фото - Caravan.kz


есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 307,32 (-0,08 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 69 900 мың АҚШ долларын (-17 700 мың USD) құрады. Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 47,9700 теңгені құрады, ұсыныс — бір юань үшін 47,9900 теңге.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар