KASE таңертеңгілік сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,

  • 24 Қараша 2015
  • 307
Фото - Caravan.kz

(EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD), қытай юаны бойынша Т+0 есебімен теңгеде  (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған құралдар үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 14  мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

Т+0 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 307,13 долларды (-0,08 теңге), сауда көлемі — 98 500 мың USD (-86 850 мың USD) болды.


Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен және доллармен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есебімен  теңгеде  қытай юанымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында сұраныс бір юань үшін 47,7800 теңге, ұсыныс бір юань үшін — 47,8100 теңге болды.