KASE таңертеңгілік сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz

(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. 

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 307,93 (+0,17 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 72 500 мың АҚШ долларын (-15 000 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 47,7800 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 100 мың юань (+100 мың юань).


Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.