Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты, деп хабарлады қор биржасынан.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,51 теңгені (-0,99 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 30 200 мың АҚШ долларын (-5 600 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,6800 теңгені құрады, ұсыным — бір юаньға 50,7100 теңгені құрады.