(EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD), қытай юаны бойынша Т+0 есебімен теңгеде (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Аталған құралдар үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
Т+0 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 282,70 долларды (+2,33 теңге), сауда көлемі — 134 500 мың USD (+58 500 мың USD) болды.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есебімен теңгеде қытай юанының орташа бағамы бір юань үшін 44,4600 теңге (+0,2700 теңге), сауда көлемі — 100 мың юань (-200 мың юань) болды.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген.