KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 329,88 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 329,88 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 329,88 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен ( (USDKZT_TOD және USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 9 Маусым 2016
  • 205
Фото - Caravan.kz

Қытай Халық Республикасында мереке күні (Айдаһар қайықтарының мерекесі) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 329,88 (-1,71 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 63 500 мың (+3 950 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.


Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 51,2850 (-0,0521 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың юаньді (-650 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Перейти к новостям спорта