KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны

Қазақстан қор биржасында орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 274,41 теңгені құрады, деп хабарлады kase.kz. 

  • 9 Қазан 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша және T+0 (CNYKZT_TOD) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. 
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 274,41 теңгені (+0,41 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 71 200 (- 59 800 мың USD) мың АҚШ долларын құрады. Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юань үшін 43,2941 теңгені құрады (+0,1441 теңге), сауда-саттық көлемі — 500 мың юаньді құрады.


Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар