KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 337,73 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 337,73 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 337,73 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

  • 2 Маусым 2016
  • 331
Фото - Caravan.kz

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,73 (+0,87 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 30 200 мың (-40 850 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 51,3371 (+0,2771 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 850 мың юаньді (+650 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.