KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 145,74 теңге, еуро - 210,60 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 145,74 теңге, еуро - 210,60 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 145,74 теңге, еуро - 210,60 теңге

Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 теңге есебімен (EURKZT_TOD) және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

  • 15 Маусым 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,74 теңгені (-0,01 теңге), ал сауда көлемі — 132 350 мың долларды (+98 350 мың доллар) құрады.

Т+0 есептерімен еуро бойынша теңгенің орташа бағамы 210,60 теңгені, сауда көлемі — 200 мың еуроны құрады.

— Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.