KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

  • 17 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,92 теңгені, ал сауда көлемі 63 500 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,30 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 37 450 мың долларға кеміді.

Ал еуроның бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 207, 00 теңгені құрады, бірақ сұраныс болған жоқ.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.