Жарияланды: 430

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 25 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,12 теңгені, ал сауда көлемі 220 350 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,12 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 142 450 мың долларға өсті. Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін