Жарияланды: 300

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі. АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,86 теңге (+0,02 теңге), сауда көлемі - 64 400 мың АҚШ доллары (-67 150 мың USD) болды. Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында 1 еуро 193,67 еуроны, сауда көлемі 200 мың еуроны құрады. Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін