Caravan Logo

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,51 теңге (+0,24 теңге), сауда көлемі - 88 900 мың АҚШ доллары (-226 350 мың АҚШ доллары) болды.

Еуроның T+0 есебімен теңгемен орташа бағамы бір еуро үшін 198,58 теңгені, сауда көлемі - 200 мың еуроны құрады.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.