Бүгін KASE-де T+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) сауда 26 желтоқсан Ұлыбритания және Германиядағы мерекеге байланысты өткізілмеді. EURKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,49 теңге сауда көлемі — 79 200 мың АҚШ доллары болды.
Еуро бойынша T+1 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.