KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы:

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы:

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,61 теңге (+0,02 теңге), сауда көлемі — 78 750 мың АҚШ доллары (+38 100 мың АҚШ доллары) болды.

Еуроның T+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.