KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 230,11 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 230,11 теңгені құрады

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 230,11 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD)

  • 25 Тамыз 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Орташа сараланған АҚШ доллары бойынша T+0 теңгемен бағамы бір долларға 230,11 теңгені (+11,50 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 144 600 (+69 800 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.

АҚШ долларымен еуро бойынша Т+0 теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.


Қытай юані бойынша T+0 теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Орташа сараланған бағамы бір юаньға 38,6300 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың юаньді құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар