KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 241,76 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 241,76 теңгені құрады

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 241,76 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша,

  • 27 Тамыз 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Орташа сараланған АҚШ долларының бағамы T+0 теңгемен бір долларға 241,76 теңгені (-2,23 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 80 450 (+23 350 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.

Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.


T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Орташа сараланған бағамы бір юаньға 37,6400 теңгені (-0,1500 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі — 3 800 мың (+3,600 мың юань) юаньді құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар