Жарияланды: 410

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы

Қазақстан қор биржасында Т+ 1 (USDKZT_TOM) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро бойынша

және Т+ 1 (EURUSD_TOM) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен. Қазақстан қор биржасы бүгін (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша сауда өткізген жоқ, себебі бүгін АҚШ-та мемлекеттік мереке- Тәуелсіздік күні тойлануда. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM есептері үшін бұл сессия негізгі болды. Саудаға KASE валюталық нарығының 19 мүшесі қатысты. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 145,84 теңгені, ал сауда көлемі 29 250 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,04 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 134 050 мың долларға кеміді. Т+0 теңге есебімен және Т+1 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін