KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы

Қазақстан қор биржасында Т+ 1 (USDKZT_TOM) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро бойынша

  • 4 Шiлде 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz

және Т+ 1 (EURUSD_TOM) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.

Қазақстан қор биржасы бүгін (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша сауда өткізген жоқ, себебі бүгін АҚШ-та мемлекеттік мереке- Тәуелсіздік күні тойлануда.

USDKZT_TOM және EURUSD_TOM есептері үшін бұл сессия негізгі болды. Саудаға KASE валюталық нарығының 19 мүшесі қатысты.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 145,84 теңгені, ал сауда көлемі 29 250 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,04 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 134 050 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен және Т+1 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар