Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,48 теңгені, ал сауда көлемі 70 450 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,01 теңгеге арзандап, сессия көлемі 29 950 мың долларға өсті.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі еуроның бағамы 213,00 теңгені құрады.
Т+0 доллар есебімен еуро бойынша да мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.