Жарияланды: 370

KASE: теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,02 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,02 теңгеге төмендеп, 1 $ үшін 145,53 теңгені құрады. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Жұмада орташа бағам 1 доллар үшін 145,53 теңге болатын. KASE мәліметтеріне сәйкес, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 27,35 млн долларды құрады, жұмада бұл көрсеткіш 108,3 млн доллар болатын. Сауда-саттыққа 17 банк қатысты. 6-маусымға арналған ресми бағам 1 доллар үшін 145,53 теңге. Ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 7-маусымда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 145,55 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін