Жарияланды: 400

KASE: теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,22 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,22 теңгеге төмендеп, 1 $ үшін 145,74 теңгені құрады. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Жұмада орташа бағам 1 доллар үшін 145,52 теңге болатын. KASE мәліметтеріне сәйкес, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 75,5 млн долларды құрады, жұмада бұл көрсеткіш 64,9 млн доллар болатын. Сауда-саттыққа 18 банк қатысты. 13 маусыма арналған ресми бағам 1 доллар үшін 145,52 теңге. Ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 14 маусымда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 145,74 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін