"Қашан түн болады?": Үндіше киініп, қазақша бата берген психолог Құралай ханымның масқарасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.91
  • 586.33
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қашан түн болады?": Үндіше киініп, қазақша бата берген психолог Құралай ханымның масқарасы шықты

"Қашан түн болады?": Үндіше киініп, қазақша бата берген психолог Құралай ханымның масқарасы шықты

Танымал психолог, коуч Құралай ханымның үндіше киініп, неке жаңғыртқан қазақтарға қазақша бата берген сәті елдің қызу талқысына түсті.

  • 14 Ақпан
  • 219
Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

TikTok желісінде тарап кеткен видеода оның неке жаңғыртып отырған қазақтарға үндіше киініп, қазақша бата беріп отырған сәтін анық көруге болады. Сонымен бірге, психологпен бірге бір топ қазақ азаматтарының да үндіше киген образын, тіпті мойындарына гүлден алқа таққанын аңғаруға болады.

Аталған жайтқа қатысты журналист Гүлбану Әниятқызы өз пікірін білдірді. Ол неке жаңғырту дәстүрін алғаш қазақ эстрадасында Қыдырәлі мен Қарақат бастағанын атап өтті.

«Осы неке жаңғырту дегенді Қыдырәлі мен Қарақат бастап берді ау деймін. Қазақтар енді Шри-Ланкаға барып, үндіше киініп, қазақша бата беріп, өмірлерін кино жасап жүр екен))

Бәрінен де күйеулерін қалай көндірген десеңізші)) Қашан түн болады деп қояды», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары аталған дәстүр мен осы ырым-жоралғыны жасап отырған Құралай ханымды сынның астына алды. Олар мұндай дәстүр қазаққа жат екенін әрі тоқшылық көрінісі екенін басып айтты.