Жобада "Әзіл әлемі" театрының актері Аманғали Сыпабеков пен "KeshYou" тобының экс-әншісі, Айқынның жан жары Жұлдыз Өмірғали де қатысып жатыр.
Қазылар алқасының мүшесі Толқын Забирова Жұлдыз Өмірғалиді қатаң сынға алды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Жұлдыз, өте әдемісің. Сахнаға әдемі ұл-қыздар шықса қатты қуанамын. Бірақ, жек көретін нәрсем таза айтпау. Бұл жерде сен әнші болғаннан кейін кешірімсіз нәрсе деп ойлаймын. Сыныма жақсы, түсіністікпен қарайсың деген ойдамын. Егер Аманғали солай айтса, мен түсіністікпен қарар едім. Ал сен кәсіби әнші бола тұра таза айтпау, әуенге түспеу кешірімсіз нәрсе", — деп Толқын Забирова әншіні сынға алды.
Толқын Забированың сынынан кейін Жұлдыз Өмірғали бетін жауып, жылап қалды.