Кәсіби мейрамы қарсаңында Қазақстандық журналистер марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіби мейрамы қарсаңында Қазақстандық журналистер  марапатталды

Кәсіби мейрамы қарсаңында Қазақстандық журналистер марапатталды

Кәсіби мейрамы қарсаңында Қазақстандық журналистер Қазақстан журналистер одағының ұсынысымен ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет дипломымен мынадай адамдар марапатталды : "Ақ босаға" газетінің бас редакторы Шолпан Ағыбайқызы, "Жаңаөзен" газетінің бас редакторы Асылбек Айдаров, Алматы облысы Жамбыл аудандық "Атамекен" газетінің редакторы Күмісжан Байжан, Қазақстан журналистика саласының ардагері Керімбай Боранбаев, Павлодар облысы Шербақты аудандық "Трибуна" газетінің редакторы Владимир Гегер, "Алматы ақшамы" газетінің меншікті тілшілер қосының меңгерушісі Бейбіткүл Жұмажан, Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетінің фототілшісі Болат Омарәлі,

  • 27 Маусым 2003
  • 2278
Фото - Caravan.kz

«Казахстанская правда» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Владимир Рыжков, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Ерғали Сағат, Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторының орынбасары Серікқали Сәрсенов,

«Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Гүлзира Серғазы, «Отан сақшысы — Часовой Родины» газеті бас редакторының орынбасары Сағидолла Сиқымбаев, Ұлттық баспасөз клубының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Светлана Соловьева, облыстық «Ақтөбе » газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев, Астанадағы «Желдориздат» баспа үйінің директоры Сайын Шаймерденов, «Түпқараған жаңалықтары» газетінің редакторы Есберген Инербайұлы қатарлы журналистер бар.
Қазақстан журналистер одағы мен мәдениет және өнерді қолдау жөніндегі Мемлекеттік қор таңдаулы еңбектерге жарияланған шығармашылық байқауды қорыта отырып , Қазақстан журналистер одағының 2003-жылғы сыйлығының иегерлері ретінде БАҚ қызметкерлерін мынадай номинациялар бойынша марапаттады :
Ең үздік тілшілік жұмысы үшін «Хабар агенттігі» ЖАҚ-ның журналисі Еркін Байғабылұлына Жер Кодексінің жобасына қатысты телевизиялық репортаждары үшін; ең үздік экономикалық шолуы үшін «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Алма Мұхамеджанова мен «Экспресс К» газетінің шолушысы Әділхан Нүсіповқа Қазақстандағы ең өзекті экономикалық мәселелерді өз тақырыптарына өзек етіп алғаны үшін; ең үздік саяси шолу номинациясы бойынша «Ана тілі » газетінің шолушысы Сабыржан Шүкірұлына мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мақалаларындағы азаматтық ой-толғамдары үшін; ең үздік журналистік зерттеу номинациясы бойынша «Время» және «Экспресс К» газеттерінің Шығыс Қазақстан облыстық меншікті тілшісі Андрей Кратенкоға Республикамыздың табиғи байлықтарын сақтап қалу және экологиялық қауіпсіздік тақырыбындағы материалдар топтамасы үшін; ең үздік ізденістік материал номинациясы бойынша Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Юрий Поминовқа «Өткен кезең мен бүгінгінің ортасында» атты очерктер жинағындағы адам тағдырына қатысты материалдары үшін; ең үздік ғылыми-танымдық материал номинациясы бойынша «Мысты өңір» газетінің бас редакторы Нұрперзент Домбайға «Елбасы және ел» атты публикациялар жинағы үшін; ең үздік телевизиялық жүргізуші номинациясы бойынша «31 телеарна» журналисі Берік Уәлиге тікелей эфирде жүргізілетін «Еркін сөз» пікірсайыстық бағдарламасын ұйымдастырғаны үшін; журналистика саласындағы ең үздік оқулық номинациясы бойынша Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының орыс тілі филологиясы кафедрасының доценті Валентина Жұмағұловаға «Қазақстанның мерзімді басылымдарында әзіл-сықақ материалдар жасау әдістері мен құралдары» атты кітабы үшін , сондай-ақ, ҚазМУ-нің журналистика факультетінің басылымдар кафедрасының меңгерушісі Төрегелді Бекниязовқа «Халықаралық журналистиканың дамуы» атты оқу құралы үшін Қазақстан журналистер одағының 2003-жылғы сыйлығы табыс етілді.
«Известия-Казахстан» газетінің журналисі Гүлнар Рахметова Еуразиялық идеяны дәріптеген материалдар топтамасы үшін ; сондай-ақ, «Қазақстан» телеарнасының журналистері Қайсар Шерім мен Сәуле Абединова, «Алматы ақшамы» газетінің журналисі Мұрат Мұқаштегі, Қызылорда облысындағы «Час пик» газетінің тілшісі Анар Қапаровалар шығармашылығы үшін Қазақстан журналистер одағының арнаулы дипломымен марапатталды.
«Казинпресс» Қауымдастығы «Вечерняя Астана » газетінің ұжымына ақпараттық қызмет редакциясын ұйымдастырғаны үшін Амагелді Ахметалимов атындағы жеке сыйлықты табыс етті.
Баспасөзді қолдағаны және журналистермен түсіністігі үшін ҚР парламенті баспасөз қызметінің кеңесшісі Владимир Бойко, Алматы қадласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжиян Дүйсенбинова, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мейрам Жанадилов, ҚР президентінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Александр Иванов, Оқтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Кеңес Исмаилов, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Майра Мавроваларға Қазақстан журналистер одағының арнаулы дипломы табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар