Кәсіби тарихшылар аз болғандықтан, әуесқой пікірлер көбейіп барады - Тарихшы - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіби тарихшылар аз болғандықтан, әуесқой пікірлер көбейіп барады - Тарихшы

Кәсіби тарихшылар аз болғандықтан, әуесқой пікірлер көбейіп барады - Тарихшы

Этнолог, тарихшы Жамбыл Артықбаев елімізде тарих ғылымының әлсіз деңгейде екенін айтты.

  • 31 Наурыз
  • 6
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Qasqa Jol” YouTube арнасына берген сұхбатында тарихқа қатысты әуесқой пікірлердің не себепті көбейіп кеткенін түсіндірді.

“Бізде тарих ғылымы әлі де әлсіз деңгейде қалып отыр. Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл өтсе де, іргелі, жүйелі зерттеулер толық жүргізілді деп айта алмаймыз. Мұны ашық мойындауымыз керек. Біз “Атамыз Алаш, керегеміз ағаш” деп жиі айтамыз. Бірақ осы сөздің мәніне, тарихи түбіріне терең үңіліп жатырмыз ба? Мысалы, Алаша хан туралы айтсақ, кейбіреулер оны “ала шапан” деген сөзден шыққан деп түсіндіреді. Егер соған сене берсек, онда қазақтың атасы “ала шапан” болғаны ма? Шын мәнінде, “алаша” сөзі көне түркі тілінде жылқыға қатысты ұғымды білдіреді. Түркі халықтарының көпшілігінде бұл сөз жылқы мағынасында қолданылған. Осындай күрделі мәселелерді ғылыми тұрғыда түсіндіретін кәсіби тарихшылар аз болғандықтан, әуесқой пікірлер көбейіп барады”, – деді ол.

Сондай-ақ ол найман руы мен қытай арасындағы байланыс туралы да пікірге де тоқталды.

“Қарапайым халық кәсіби тарихтан алыс қой. Мысалы, “наймандардың ДНҚ-сы қытайға жақын, яғни олар қытай” деген әңгіме жалпы қазаққа тікелей әсер етеді. Кінәмшіл халықпыз. Реніш туғызып жатқаны рас. Өзім о бастан ДНҚ-мен әуестенуге қарсы едім. Халықтың шығу тегіне ДНҚ пайдалудың да қажеті жоқ. Өйткені ұлт болып қалыптасу биологиямызға қатысы жоқ. Ұлт дәстүр-салтын, тілін қабылдау керек. Мен қазақпын деп тұрған адамның ДНҚ-сын зерттеудің қажеті болмаған. Ол кезде кім қазақ боламын деді солардың бәрі қазақ болды, солай біріктік”, – деді ол.