Жарияланды: 600

«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпазын Қазақстан азаматтық альянсы желтоқсанда анықтайды

«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпазын Қазақстан азаматтық альянсы 16-шы желтоқсанда, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығында айқындайды, деп «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Алина Хаматдинова мәлім етті.

«Конкурс республикалық деңгейде ұйымдастырылған. Мақсаты - кәсібіндегі озықтарды: медицина, білім беру, энергетика, ТКШ, металлургия саласы бойынша анықтау», - деді А. Хаматдинова бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, республикалық конкурс мәдениет министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан кәсіпкерлері форумының, іскер әйелдер одағының қолдауымен өтеді. «Өтініштерді қабылдау 10-шы маусымда басталып, тамыз айының соңына дейін жалғасады. Бірінші кезеңде үміткерлерді аймақтық конкурс комиссиясы іріктейді. Олар Қазақстанның әр облысынан финалға шығатын 5-10 үміткерді анықтайды. Кімнің жеңімпаз болатындығын конкурстың қоғамдық кеңесінің мүшелері шешеді», - деді А. Хаматдинова. «Бұл конкурста 10-15 номинация болады, оның ішінде арнайы номинация – «Тәуелсіздікті құрудың 20 жылдығы», «Менің үлесім», «Менің елге деген сыйлығым», - деді ол. Оның айтуынша, «конкурстанттардың өздерінің кәсіби салаларында инновация жасағандығы ескерілетін болады». «Сыйлық дәл осы инновациялық жетістіктері үшін беріледі», - дейді А. Хаматдинова. Азаматтық альянс еліміздің 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдарын біріктірген. Оның жұмысының негізгі бағыты қоғамдық мониторинг, азаматтық журналистиканы дамыту, волонтерлік бағдарлама, Қазақстан азаматтары үшін конкурстар өткізу.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін