Жарияланды: 40

Кәсіпкер дәретханаландыру бағдарламасын ұсынып, елімізде 10 мың дәретхана салу керек екенін айтты

Кәсіпкер дәретханаландыру бағдарламасын ұсынып, елімізде 10 мың дәретхана салу керек екенін айтты

Кәсіпкер дәретханаландыру бағдарламасын ұсынып, елімізде 10 мың дәретхана салу керек екенін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Индустриялдық жоспар сияқты, елді дәретханаландырудың бес жылдығын да қабылдау керек. Еліміздегі туристік нысандар, тас жолдардың бойында, мектептерде, тіпті ауруханаларда жөні түзу туалет жоқ. Кем дегенде 10 мың дәретхана орнату қажет. Осы статистиканы ұсынған кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасындағы әріптестік арқылы елдегі санитарлық жағдайды түзетуді ұсынып отыр. Дәретханаландыру бағдарламасы үшін тағы не қажет? 

Алматы орталығындағы Президент саябағы бұл. Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев күнде дерлік осында бір серуендеп қайтады екен. Бірақ қоғамдық орындағы жалғыз дәретхананың ашық тұрғанын бір көрмепті.

«Качество конечно ужасающее. Он и холодный и в нем света нет. Но даже этот туалет в парке первого президента не работает».

Мұндай мәселе тек бір саябақта ғана емес, бүкіл елде бар. Туристік нысандар, мектеп, ауруханалар, қала берді тас жол бойында жөні түзу дәретхананың болмауы ел үшін ұят дейді кәсіпкер. Жердегі үңірейген тесікті жөндеу аздық етеді, жаңасын салу керек деп отыр. Әлемдік талапқа сай дәретханаларға қызмет көрсету үшін жеке сектор жұмылады деген пайымда.

«Олар 17 дәретхананы Астанаға орнатты ЭКСПО уақытында. 4 айдың ішінде быт-шыт қылып, қазір 17 дәретханадан біреуі істемейді. Ол біздің Астанамызда. Біздің еліміздің жүрегінде. Ал енді даладағы дәретхананы не айтасыз! Сондықтан сервис болмаса, туалеттің мәні жоқ» - дейді кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев.

Елді дәретханаландыру бағдарламасын қолға алу керектігін ұсынған Марғұлан Сейсембаевтың есебінше, кем дегенде 10 мың туалет орнату керек. Бұл мәселе туралы бұған дейін бірнеше мәрте біз де айтқан болатынбыз. Бірақ, жағдайдың өзгергені байқалмайды. 10 мың қажет деп тұрғанда, елде тек екі дәретхана әлемдік талапқа сай келетіні туралы былтыр ғана сөз болған еді.

«Жолдың бойында дәретханалар әрбір 50 шақырым сайын болуы керек. Сонымен қатар, нысан ыстық сумен де қамтылуы шарт. Біз мемлекеттік деңгейде дәретханаларды субсидиялау қажет деп санаймыз. Сонда бизнес өкілдері оған сеніммен қарайтын шығар. Тариф бекітуіміз керек» - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Дәрет сындырудан қиындық көріп жүрген тек шалғайдағы ауылдар ғана емес. Облыс орталықтары да бұл мәселемен жақсы таныс. Оған өзіміз куәміз. Мәселен, мына көпқабатты үй тұрғындары балалар алаңқайын дәретханаға айналдырудан басқа жол таппаған болатын.

“Мынау этажда тұрады деген аты ғана болмаса, қазіргі заманға сай емес. Ешқандай условие жоқ ішінде, канализация жоқ, мына суымыз далада. Мусорымыз далада, оны да біз ақшамен алдыртамыз. Су жарылса өзіміз істейміз, балаларға қиын болып тұр” – дейді қала тұрғыны Сандуғаш Ратова.

Астана іргесіндегі Ынтымақ ауылы бұл. Кезінде Форфоровый деп аталған болатын. Мұндағы көп қабатты үй тұрғындары пәтер ішінде пеш жағып, дәретханаға далаға шығып жүруге мәжбүр.

«Түнде келеміз, осы дәретханаға келеміз.Бәрі құлыптаулы, өз өздерін жеке жеке» - дейді Ынтымақ ауылының тұрғыны Мархуза Сапи.

Қытайда басталған дәретхана революциясының иісі елімізде қашан сезіледі деп, күтумен жүргендер көп. Үкімет тарапынан да, қоғам белсенділері тарапынан да бастама көтерілуде. Бірақ іс қайда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін