Кәсіпкер қарызын қайтармағаны үшін әріптесін атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкер қарызын қайтармағаны үшін әріптесін атып өлтірді

Кәсіпкер қарызын қайтармағаны үшін әріптесін атып өлтірді

Петропавлда бір кәсіпкер қарызға алған ақшаны қайтармағаны үшін әріптесін атып өлтірді. Бір сағат өткен соң борышкерін өлтірген азамат полицияға өз еркімен барып берілген. Күдікті қылмыс жасаған қаруы - шолақ аңшы мылтығын өзімен бірге алып келіпті.

  • 8 Қараша 2012
  • 242
Фото - Caravan.kz


Оқиға Петропавлдағы орталық сауда үйлерінің маңында тапа-тал түсте болған. Мерт болған 47 жастағы кәсіпкердің мүрдесі өзінің шетелдік көлігінің ішінен табылды. Араға бір сағат салып, қалалық ішкі істер бөліміне 41 жастағы ер адам келіп, осы қылмысты мойнына алған. Оған дәлел ретінде- шолақ аңшы мылтығын алып келді. Айтуынша, кәсіпкер одан бұрындары қомақты соманы қарызға алған. Бірақ соңғы кездесуде қарызын қайтарудан үзілді-кесілді бас тартыпты. Бұған ызаланған күдікті борышкердің тура басынан атқан.    

Соңғы жаңалықтар