Кәсіпкердің ақшасына үйін жөндеткен Қарағанды әкімі қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкердің ақшасына үйін жөндеткен Қарағанды әкімі қамауға алынды

Кәсіпкердің ақшасына үйін жөндеткен Қарағанды әкімі қамауға алынды

Басшының артынан қосшысының қолына да кісен салынды. Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевтен кейін көпке ұзамай қаланың бұрынғы басшысы Мейрам Смағұлов та абақтыға қамалды. Шаһарды 1 жарым жылдан аса уақыт басқарған ол лауазымын пайдаланып құрылыс фирмасын өз үйін жөндеуге міндеттеді деп айыпталып жатыр.

  • 3 Қазан 2014
  • 257
Фото - Caravan.kz


Мына екі қабатты үйдің құрылысын жүргізген «ЮТЕКС» компаниясы әкімнің әлімжеттік жасағанын айтып қаржы полициясына шағымданған. Экс- шенеунікке үй салғандар мемлекеттік тапсырыстан қағылу қаупін сезінгендіктен үнсіз бас изеп, қалталарынан 5 миллион теңге қаражат шығарғандарын жайып салыпты. Смағұлов әзірге қылмыстық кодекстің 132 бабына сәйкес 3 күнге қамауға алынып, бұлтартпау шарасы қолданылуын күтіп отыр. Мейрам Смағұлов биылғы 24-ші маусымда өз еркімен жұмыстан кеткен-ді. Ал Қарағанды облысын басқарған Бауыржан Әбдішев қала орталығындағы жерді заңсыз сатты деген айыппен өткен аптада қамалған болатын.