Кәсіпкерлер Елбасы мен үкіметтің жанынан құрылған барлық кеңестерге өз өкілдерін сайлауы тиіс - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер Елбасы мен үкіметтің жанынан құрылған барлық кеңестерге өз өкілдерін сайлауы тиіс - ҚР президенті

Кәсіпкерлер Елбасы мен үкіметтің жанынан құрылған барлық кеңестерге өз өкілдерін сайлауы тиіс - ҚР президенті

"Кәсіпкерлер Елбасы мен үкіметтің жанынан құрылған барлық кеңестерге өз өкілдерін сайлауы тиіс". Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 31 Қазан 2003
  • 465
Фото - Caravan.kz

Кәсіпкерлер заң жобаларының жасалу барысына атсалысуы тиіс, сонда ғана олар заң шығару процессі қалай жүзеге асырылатынынан хабардар болады,- деді президент. «Бизнес мемлекеттің мүддесін де ескеруі тиіс»,- деп атап көрсеткен Елбасы өз сөзін одан әрі былай деп сабақтады : «әртүрлі сын айтып мін тағудан, байбалам салудан нақты іске ден қоятын мерзім жетті». «Сіздер үздіксіз тексерулерден көз ашпаймыз деп шағым айтасыздар, бірақ қазір бұрынғыдай ауқымды тексерулер тыйылған жоқ па!»,- деп мәлімдеді Елбасы.

«Қазір шетелдік капитал иелері Қазақстан экономикасына қаржы жұмсауға әзірлік танытып отыр,- деді Н.Назарбаев,- бірақ бізде бұл тұрғыда ойдағыдай ұсыныс болмай тұр «. «Бір-бірімізді сынап-мінеуден гөрі нақты іске көшейік»,- деп қорытты кәсіпкерлерге арнаған өз сөзін Н.Назарбаев .

Соңғы жаңалықтар