Кәсіпкерлер форумының аясында "Қазақстандық іскер" атты байқау өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер форумының аясында "Қазақстандық іскер" атты байқау өтеді

Кәсіпкерлер форумының аясында "Қазақстандық іскер" атты байқау өтеді

Бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11- форумының аясында "Қазақстандық іскер" атты байқау өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне байқауды ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

  • 31 Қазан 2003
  • 923
Фото - Caravan.kz

Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Алғашқы 4 номинация машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өнеркәсібі және тұрғындарға ақылы қызмет көрсету саласындағы таңдаулы сапаға арналады.

Ал «Үздік іскер адам», «Өндіріс саласындағы таңдаулы іскер», «Үздік фермер» және «Жылдың іскер әйелі» тәрізді қалған 6 номинация бойынша байқауға ең таңдаулы іскерлер мен саңлақ компания басшылары қатысады.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ге жуық кәсіпкер қатысқалы отыр.
Жеңімпаздарды ресми марапаттау шарасы бүгін кешке Астанадағы Салтанат сарайының қабылдаулар үйінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар