Қазақстан кәсіпкерлері қосылған құн салығын 12%-дан 16%-ға көтеру туралы ұсынысты біржақты қабылдамай отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бірінші кредиттік бюро жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, бизнес салықтың өсуіне тек мемлекет тарапынан нақты қолдау болған жағдайда ғана дайын.
Сауалнамаға елдің барлық өңірінен 1 200 кәсіпкер қатысқан.
Қорытынды индекстер бизнес көңіл-күйінің төмен екенін көрсетті. Ең басты индекс – Жалпы қолдау индексі 41,3 баллды құрады (шкаласы 0-ден 100-ге дейін).
Кәсіпкерлердің айтуынша, салықты көбейту – егер мемлекет ештеңе өзгертпесе – әділетсіз. Олар бизнеске көрсетілетін қолдаудың жеткіліксіз екенін алға тартады.
Echo analytics дерегінше, жылдың басынан бері әлеуметтік желілерде ҚҚС туралы 16 мыңнан астам жарияланым болған. Алайда, тек 0,6% жазба оң көзқарас білдірген, ал негативті пікір айтарлықтай басым.