Форум қатысушыларына ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Сауат Мыңбаев оқып таныстырған президенттің мәлімдемесінде «кәсіпкерлікті дамыту — мемлекет саясатының басымдық берілген бағыттарының бірі» екені атап көрсетілген.
«Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға және жеке меншік сектордың бастамаларын жүзеге асыруға қажетті тұрақты тұғырнама қалыптасты, ауқымды заңнамалық база жасалды, тиісті бағдарламалар жасалып іске асырылуда, барлық деңгейде кәсіпкерлер кеңесі жұмыс істейді»,- деді президент.
«Алда да ауқымды тың мақсаттар күтіп тұр. Олардың арасынан ең бастысы — Қазақстанды жоғары деңгейдегі тұрмыстық стандартарқалыптасқан дүниежүзіндегі бәсекелестік қабілетке ие алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосу болып табылады. Бұл мақсат мемлекет пен кәсіпкерлердің, сондай-ақ, жалпы Қазақстан қоғамы мен жеке меншік сектордың күш біріктіруі мен конструктивті ықпалдастық орнатуын талап етеді»,- деді Н.Назарбаев. «Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа идеологиясына дәл осындай көзқарас арқау болған. Онда экономикалық әріптестік, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстанымға баса мән беріледі»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті