Кәсіпкерлер: «Шенеуніктердің тауарды қымбаттатпауға мәжбүрлеуі дұрыс емес» - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер: «Шенеуніктердің тауарды қымбаттатпауға мәжбүрлеуі дұрыс емес»

Кәсіпкерлер: «Шенеуніктердің тауарды қымбаттатпауға мәжбүрлеуі дұрыс емес»

Ал бизнесмендердің ойынша, әкімдердің базар кезіп, бағаны бақылап жүргені нарық заңына қайшы келеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  төрағасы Абылай Мырзахметовтің айтуынша,  нарықты облыс басшылары емес, жауапты мамандар қадағалауы керек.

  • 25 Тамыз 2015
  • 222
Фото - Caravan.kz

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының төрағасы:

—  Мемлекет өз тарапынан негізгі әлеуметтік халыққа керек тауар — ұн, нан, майдың түрлері бар, соларға әрине,  қадағалау жасайды. Оның да нарықтық жолы бар, әкімшілік жолы бар. Біз жыл сайын бәрін әкімшілік жаққа көшіреміз. Әкімдер базарларды, дүкенерді аралайды, «көтерме» деп айтады. Меніңше бұл нарықтық саясатқа жатпайды.

Яғни, Ұлттық экономика министрлігіндегі  Табиғи монополияларды реттеу, Бәсекелестікті қорғау, Тұтынушылардың құқығын қорғау сынды үш комитет тұрғанда жергілікті биліктің кәсіпкерлерге «бағаны көтерме» деп бұйрық беруі орынсыз. Мәселені нарықтың  өз заңдылықтарын  ескеріп, есептеп шешу керек екен. Сондай-ақ, «Атамекен»  басшысы елімізде импорттық тауарлардың бағасы қымбаттайтынын айтты. Ал, халықтың күнделікті пайдаланатын азық-түліктің  тең жартысы сырттан келеді. Сондықтан Мырзахметов тұтынушы себетін түгел отандық өнімдерге  ауыстыруды ұсынды. Сонда жұрт доллардың бағамына қарап жалтақтамайды, баға тұрақты болады. 

Соңғы жаңалықтар