Кәсіпкерлер «Жол картасы» бойынша Германияда тәжірибе жинақтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер «Жол картасы» бойынша Германияда тәжірибе жинақтайды

Кәсіпкерлер «Жол картасы» бойынша Германияда тәжірибе жинақтайды

Алматы және Астана қалаларында 2020 жылға арналған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өткізілуде.

  • 13 Маусым 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Іскерлік байланыстар» атты жоба аясында кәсіпкерлер 1 ай бойы Тұран-профи университетінде біліктіліктерін жоғарылатады. Екінші кезеңде кәсіпкерлер Германияға тәжірибе жинақтауға аттанады. Экономикалық даму және сауда министрлігінің қойған міндеттеріне сәйкес, Тұран-профи университеті республиканың барлық өңірлерінен 500-ге тарта кәсіпкерді оқытуы қажет. Былтыр университет қабырғасында 514 кәсіпкер бизнесті жүргізудің қыр-сырын танып шыққан.

«Оқыту мерзімі -1 ай. Осы аралықта кәсіпкерлер өздерінің бизнес жобаларын жасап, оны қорғап шығулары тиіс. Жобаларды сәтті қорғап шыққандар бағдарламаның екінші кезеңіне — Германияда 1 айлық тәжірибеден өтуге мүмкіндік ала алады. Тәжірибе жинақтауға баратын ең үздік бизнес жобалар неміс мамандарымен іріктеліп алынады», — дейді жоба жетекшісі Гүлмира Хасенова.

Оның айтуынша, Германияда 1 айға тарта уақыт бойы тәжірибе жинақтаған кәсіпкерлер ол жақтағы жұмысы туралы толыққанды есеп дайындайды. Ол есеп қазақстандық мамандармен талданып, жобаның тиімді және солғын түстарын сараптайды.

«Біз кәсіпкерлердің қандай прогреске қол жеткізгендерін, қандай мақсаттарға қол жеткізгендерін, тәжірибеден нендей нәрселер үйренгендерін саралайтын боламыз», — деп атап көрсетті Г. Хасенова.

Соңғы жаңалықтар