Кәсіпкерлердің үстінен негізсіз қылмыстық іс қозғағандар жазалануы тиіс - Премьер-Министр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлердің үстінен негізсіз қылмыстық іс қозғағандар жазалануы тиіс - Премьер-Министр

Кәсіпкерлердің үстінен негізсіз қылмыстық іс қозғағандар жазалануы тиіс - Премьер-Министр

Кәсіпкерлердің үстінен негізсіз қылмыстық іс қозғағандар жазалануы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Премьер-Мини

  • 4 Ақпан 2017
  • 426
Фото - Caravan.kz

Кәсіпкерлердің үстінен негізсіз қылмыстық іс қозғағандар жазалануы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы тарабынан салық органдарының қызметіне қатысты да сын көп болды. Бұл негізсіз тексерулер мен тәжірибеде салық заңнамасын қолданудың қиындығын қатысты. Бақыт Тұрлыханұлы (Қаржы министрі Сұлтанов), сізге мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысын бизнесті тексеруді оңтайландыру бағытында ыңғайлау қажет. 1 айдың ішінде Бас прокуратурамен бірлесіп, негізсіз қозғалған қылмыстық істердің мән-жайын анықтаңыз. Мұндай істерді қозғағандар жазалануы тиіс», — деді Премьер-Министр. Айта кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерге себепсіз қылмыстық іс қозғаған органдардың қызметкерлерін жұмыстан босатуды талап еткен болатын.