Кәсіпқой бокс: Шүменов чемпиондық атағын қорғап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпқой бокс: Шүменов чемпиондық атағын қорғап қалды

Кәсіпқой бокс: Шүменов чемпиондық атағын қорғап қалды

8 қаңтар күні Шымкентте өткен кездесуде WBA және IBA тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, кәсіпқой қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов америкалық Уильям Джоппиді техникалық нокаутпен жеңді.

  • 10 Қаңтар 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Барлығы 6 раундқа созылған жекпе-жекте жерлесіміз үш дүркін әлем чемпионын тізе бүктірді. Бұдан бұрын қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Юрген Бремермен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан оның орнын Уильям Джоппи алмастырған болатын.

Жерлесіміздің басымдығымен басталған кездесудің 5 кезеңінде америкалық нокдаун алды. Ал 6 раундта соққыға шыдамаған Джоппи кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.